Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы коронавируске шалдықты

Ертең Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Испания жастарымен ойнайды.
Испаниямен өтетін ойынға жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов пен қақпашы Мұхаммеджан Сейсен қатыса алмайды.
Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен алғашқы ойыншы оқшауландырылды. Екінші ойыншы сол жақ тізе жарақтына байланысты ойнамайды.
Қазақстан жастар құрамасының қатарынан жеті ойыншы шығып қалды. Бұған дейін жарақатына байланысты жартылай қорғаушылар Рамазан Оразов, Артём Попов және Дамир Марат келе алмаған болатын. Сонымен қатар, өткен ойында алаңнан қуылған қорғаушы Рауан Орынбасар мен шабуылшы Оралхан Өміртаев та кездесуге қатыспайды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: