Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Молқалан әулие

Молқалан (Молда-қалан, қалан-ұлы) - Мехереғланның лақап есімі. Мехереғлан осы жерлердегі белгілі әулие-әнбие, қазіргі кезде де халықтың арасында үлкен танымалдыққа ие. Молқалан әулие тек қана Сыр өңіріне емес, бүкіл мұсылмандар қауымына ортақ әулие, шарапатын сезінген разы ұрпақ елді мекендердің түпкір-түпкірінен келіп, тәу етіп кетуде.
Ол жеті жердегі жайдың қайсысынан болса да құдайы қалаған адамға аян береді екен. Алдына келіп Алладан тілеген зағип жандардың дертін, қала берді іштеріндегі әзәзіл сайтанды өз етегіне тастатып, көздеріне күлкі ойнатып, беттеріне нұр ойнатып жіберетін Сырдың киелі әруақ иесі. Ол Әзіретті Әлі және оның баласы Хусейіннің ұрпағы делінеді. Мүлкілән әулие діни үлкен ғұлама, аузы дуалы, көзі қырағы көріпкел, әрі емші, сөзге шешен адам болған. Аңыздар бойынша, ол-суармалы жер шаруашылығымен айналысқан, жеті жерде бір мезгілде үйі болған. Мехереғлен жергілікті әулие Мағзұммен жақсы таныс болған: тіпті олар бір-бірімен кім қайда жерленеді деп әзілдескен екен.
Кесене Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан солтүстікке  қарай 6 шақырымда орналасқан. Кесене үлкен қорымның түкпірінде орналасқан.
Кесене шаршы пішінді күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері 9,26х12,28 метр. Камераның (бөлменің) солтүстік бұрышында әулиенің қабір үсті ескерткіші орналасқан. Камераның оң жақ жартысында бір қатарда орналасқан, күйдірілген кірпіштермен жиектелген бес қабір үсті ескерткіші бар. Төбесі төмен күмбез асты барабанында тұрған күмбезбен жабылған. Кіреберіс ойығы оңтүстік-батысқа бағытталған. Ұзына бойы мен көлденең остерінде барабанның жоғарғы бөлігі мен күмбез негізін алып жатқан төрт тесік бар.
Кесене ортағасырлық мұсылман сәулет өнерінің дәстүрінде салынған, сонымен бірге Орта Азияның солтүстік бөлігіндегі көшпенділерге тән «дахистандық» бетше босаға типін де қолданған.
Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасынан (virtualmap.xyz) ескерткіштің 3D үлгідегі бейнесін, түрлі ракустағы фотоларын, понорамалық көріністерін, қысқаша видеосын қарауға болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: