Сағана тікбұрышты күйдірілген, жоғары сапалы кірпіштерден (6/7х13х28 см, 10 қатар+10 жым=0,85 м) тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері-9,8х14,5, биіктігі-3,8 м. жоспарында тікбұрышты болып келген ескерткіш көлденең осімен оңтүстік-батыс – солтүстік-шығыс бағыты бойынша созылған.
Қалжан ахун сағанасы Қалжан ахун мешітінен 100 метрдей жерде орналасқан. Сағана қалыңдығы 60 см. Сағананың көлемі 6 шаршы метр. Қорғау аймағының схемалық жоспары 60х30 м. Ескерткіш екі бөлікке бөлінген: оңтүстік-батысын мешіт алып жатса, ал қарама-қарсы жағында ішінде бірнеше қабір үсті ескерткіштері бар аула орналасқан. Барлық құрылыс беті кірпіштен қаланған қабырғалармен қоршалған. Қабырғалардың бұрыштары пилястрлермен көмкерілген. Осындай элементтермен мешіт пен хазир-ауланың түйісіндегі қабырғалар да бөлінген. Мешіттің қабырғасы ауланың қабырғасынан биік және кірпіштер кронштейндерінен пайда болған ернеумен көмкерілген, ауланың ернеуі тым қарапайым, оның барлық қабырғасы екі құламалы болып аяқталған. Ескерткіштің кіреберісі оңтүстік-шығыс қабырғада орналасқан және үсті кірпіш пирамидалармен аяқталған аттикалық тәжделумен ерекшеленген. Аттиктік орталық мұнарашасы қалғандарына қарағанда биіктеу, оның астында, негізгі және аулалық қасбеттерінде араб графикасында орындалған «1334» деген санды филенкалар бар. Мешіт интерьерінде төбе жабылымы үш жақтан қабырғаға тірелген, ал төртінші жақтан үш бағанаға сүйенген, солтүстік-шығыс жаққа ашылған айван түрінде болып келген. Ағаш бағаналар жасыл түске боялған, қиылысында шаршы іспетті, жоғарыға қарай тарыла түскен олар оймышты арқалық бар. Бұл арқалықтар айдалым шетінен айшықты консольдер түрінде шығып тұр. Платформа түрінде болып, жер деңгейінен көтерілген еденге кірпіш төселген. Түкпірге, оңтүстік-батыс қабырғаның ортасына да, түпкі жақта құлыптық жағында киль тәрізді кесілімге ие жарты циркуль кескінді аркамен көмкерілген сымбатты пішіндегі михраб қуысы жасалған. Михраб қуысы әсем жабыстырмалармен жиектелген, оның төменгі бөлігі жауырыншалар түрінде безендірілсе, ал жоғарғысы-қосарланған, бетше босаға пішінін қайталайды.