Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Сұлутөбе қалашығы

Жоспарында сопақтау болып келген қалашық солтүстік-оңтүстік бағытында созылып жатыр. Шағыл құмның әсерінен ескерткіштің нақты шекарасын анықтау мүмкін емес. 
Биіктігі 3-тен 5-6 м-ге, диаметрі 45 м шағыл құмдарда қыш ыдыстармен безендірілген құрылыстардың қалдықтары көрініп жатыр. Әсіресе, өзінің көлемімен оңтүстік бөлігі ерекшеленеді. Кейбір жерлерде тікбұрышты бөлмелердің жоспары анық байқалады. Айналасында ені 14-18 м өзен-каналдардың іздері сақталған. Солтүстік-оңтүстік сызығы бойынша тіркелген ұзындық – 30 м. Ғимараттардың қалдығы болып табылатын төбешіктердің диаметрлері 12-15 м-ге жетеді. 1990 ж. Қаз КСР ҒА ТАЭИ қалаларды зерттейтін археологиялық экспедициясының тобы (П.Е. Қаратаев) ашып, зерттеген. Өлшеу жұмыстары жүргізіліп, жоспары түсірілді, Көтерме материалдар жиналып алынды. Қазба жұмыстары жүргізілмеген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: