Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Мақтұм Сейіт кесенесі

Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбарымыздың қызы Бибі Фатима мен Әзірет Әліден тараған Сайд қожаларының 37-ші ұрпағы Махтұм Сейіт әулие. 
Бүкіл ғұмырын Сыр өңірінде өткізген. Оның ұрпақтары Қазан төңкерісіне дейін мешіт ұстаған. Мақтұм Сейіт бабаның ертеректе салынған күмбезі тозып, жартылай құлай бастаған. 
Күмбез үйін қайта салудың өзіндік тарихы бар. 1927 жылы Мақтұм Сейіт баба, 7-ші  ұрпағы Смағұл қожаның түсіне еніп: «Менің мәңгілік жатқан жерім тозып барады, бір белгі салсайшы» деп аян береді. «Ата мен оны біліп жүрмін. Бірақ менің шамам келмей бітіре алмасам, ұят болар» дегенде: «Сен жұмысты басташы, аржағы бола береді» деп кеңес береді. Осыдан кейін  салуға ұста іздестіріп. Сол кезде басқа бір кісінің мазаратын салатын болып келісіп, кіріскелі отырған Ізтілеуов Нұрпейіске барады. Жағдайды түсіндіріп, айтқанмен ол кісі «Биыл менің қолым тимейді. Мына құрылысты бітіріп, келесі жылы барармын» – дейді. Жақын жерде бөтен ұста жоқ. Смағұл қожа «Бұл қалай болды екен?»- деп үйіне келіп қонса, азанда ертемен Нұрпейіс ұста келіп: «Болмады. Атаң түнде түсіме енді. Алдымен Махтұм Сейіт бабаның күмбезін саламын. Соған дереу дайындал», - дейді. Содан жұмысқа кірісіп, бастағаннан – ақ  сол жерге орналасқан елді мекен  халқы түгелімен малдай, қаржылай жәрдем еткен.. Күмбез бітуге жақындағанда Смағұл қожа: «Атам түсіме енді. Жұмыс ақысына не бересің?» -  деп сұрағанда: «Мал да, қаржы да жетеді» деп едім, «Жоқ, ол кісі перзентке зар болып жүр, мынаны бер» деп құндақтағы баланы ұсынды. Атын Қожжан қожа деп қойсын» - деп Нұрпейістен сүйінші сұрайды. Шындығында перзенті болмай жүр екен. Нұрпейіс қуанғаннан, «Я, Алла» деп жылап жіберіпті. Бұл құрылыс 1927 жылы күз айында бітіп, бүкіл ел болып салушы шеберлерді риза етіп тарқасады. 1928 жылы күзге таман Нұрпейістің бәйбішесі Кенжебай қызы Қалбибі аман-есен босанып, ұл бала туады. Атын Қожжан қояды.  
Сыр елінде тұратын, баласы болмай біраз қиналып жүрген әйел бір күні  жолы түсіп, Ташкент қаласына барады. Сол жақтағы емшіге бала көтермей жүргендігін айтқанында: «Бізден не  көмек сұрайсың. Өз еліңде  әулиелер бар ғой, солардың бірінен сұрамаймысың» - деп, осы  Махтұм Сейітті сілтегені екен. Еліне оралған соң, Махтұм Сейіт бабаның басына қонып, көп ұзамай ұл туыпты. Махтұм Сейіт бабаның 8–ші ұрпағы Пірмағанбет жасы 60- тан асқан кезінде жалғыз баласы Әшімнен ұрпақ болмай жүргеніне уайымдап, құмалақшы балгерлерге барып жағдайын айтса, олардың бәрінің айтатыны – «Сіз балаңыз бен келініңізді өз бабаларыңызға апармапсыз. Алладан рахым болса, тек сол бабаларыңызға барғаннан көмек болар» - деп жауап беріпті. Содан ол кісі баба басына келіні мен баласын әкеліп түнетіп, еліне оралғаннан кейін келесі жылы келіні ұл туып, атын Сейітқали кояды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: