Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Сығанақ шаһары зерттелуде

Ортағасырлық Сығанақ қалашығында қазба жұмыстары жүргізілуде.
Сығанақ қалашығы – Жаңақорған ауданы,  Сунақ ата ауылында орналасқан республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады.  
Бүгінгі күні Сығанақ қалашығында облыстық бюджет  есебінен «Қазархеология» ЖШС-гі тарапынан археологиялық зерттеулер жүргізілуде.  
Қазба қалашықтың ішкі бөлігіндегі орталық мешіт аумағындағы құрылыс нысанына салынуда. 
Қазба жұмыстары «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңында және «Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 95 бұйрығында көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіліп, мекеме тарапынан бақылау шаралары атқарылуда.
Фзаллах ибн Рузбихан айтуынша Сығанақ қалашығының айналасы көкорай шалғын дала еді. Онда жабайы аңдар мен ешкілер көп еді. Сығанақ тұрғындары оларды аулап қысқа азық ететін делінген. Әрине биылғы археологиялық қазба жұмыстарының табындыларына қарап рас екендігіне күмәнім жоқ. Қызықтырғаны ақбөкен сүйектерінің ұш жағын кесіп алған. Пышақ , шаппа, шақша т.б әшекейге не безендіруге,  тұрмыстық затқа пайдаланса керек. Осы Рузбихан жазбаларындағы күніне 500 ірі қараның сойылып сатылуы туралы күмәнім бар. Мұнда мал сүйектерінің кездесуі Кескен Күйік қаласынан әлдеқайда аз. Ал, теңге сарайы болуы қаланың ішінен емес тысқарыдан іздеу керек сияқты. Рас, Ақ Орда хаңдарының көбісі Сығанақта жерленген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: