Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Әзілхан ишан

Әзілхан ишан 1854 жылы Қазалы уезінің Көларық елді мекенінде Домақ ауылында дүниеге келген. Қазіргі Ақтан батыр ауылы. Руы Қожа.


Арал, Қазалы өңірінде Саидқожа, Қорасан қожа, Әлімқожа әулиетінің ұрпақтары тұрады. Саидқожа әулеттері өздерін Әлімдердің Құрманай және Құттық руының, ал Қорасанқожа әулеттері өздерін жақайым руының қожасымыз деп атайды. Олай дейтіндері олардың ежелгі ата-бабалары алғаш дін таратуға жоғарыда аталған рулар арасында қоныстанып қалған.
Алты ата Әлімнің бір баласы Айдарбектің сүт кенжесі – Ардана. Арданадан Кішкей мен Балтық туады. Кішейден - Алдажар, Қожамжар, балтықтан – Есенәлі, Дәулет, Есенәліден – Палуан, Кішкене туған, Кішкененің бәйбішесінен Жиней, Жолшара, Асан, Үсен, Тоқалынан-Құрманай, Құттық.
Құттықтан – Майдан, Қайдауыл, Алдияр, Кенжеғұл, Домақ. Әзілхан ишан осы Домақ руының меншікті жерінде дүниеге келген Саидқожалардың ұрпағы.
Саидқожа аталығы былайша жіктеледі.
Саидқожадан – Сейітжамалқожа, одан үш бала Әжісейітқожа, Мақытымсейітқожа, Құрбансейітқожа, Мақтымсейіттен – Уәлейсейітқожа-одан Қынабай, Қошақан, Қошақаннан – Құттыққожа, Әзілхан ишан, Әзмәмбет. Әзілхан ишаннан – Шақымқожа, Нарымбетқожа, Нарымбеттен Әбжәми, одан Қайырла, Әбдеш болып тарайды. Саидқожалар басына көгілдір түсті сәлде орайтын болған. Бұл түс оларды өзге рулардағы қожалардан ажыратып тұру үшін қажет болған.
Әзілхан ишан. Ишан деген сөз – ислам дінінің білгірі, әрі жетекшісі «... мұсылман қауымының басшы және дін ғұламасы ... Хажылыққа барып, діни білім дәрежесін таныта білген мұсылмандар ишан атағын алып отырады». Ишандар адамдар емдеп жазып отырған.
Мақаш Әбдікәрімовтың «Қожаназар ишан және ислам тағылымы» атты зерттеу еңбегінде Қожаназар ишан 16 жасында бір топ балалармен бірге Бұхараға оқуға аттанады. Бұхарадағы Көкілташ медресесін Тілеулес және Әзілхан ишандармен бірге оқып, бітіріп шығады делінген. Олай болса ишан атағы Әзілхан атаға халық берген атау емес Көкілташ медресесін бітіріп шығып алған атағы.
Осы Көкілташ медрессесінде Қожаназар ишан, Тілеулес ишан, Әзілхан ишан  үшеуі бірге дәріс алады. Ұстаздары: Қасым, ибн Әбубакір Саид Кәрим, Имам-Жагфар, Саид Қожа, Әбдухалид медресесінде жеті жыл оқыған. Әзілхан ишанның Бұхарада білім алған уақытты шамамен 1870-1877 жылдары аралығы. Әзілхан ишан да Қожаназар ишан секілді ишан атағын және Тарахат Мағрифат білімін игеріп елге қайтады. Тарахат Мағрифат дегеніміз сопылық хақ жолына шын берілу, емшілік қасиетпен бірге көріпкелдік, жан-жануарлар тілін біліп игеру деген сөз. 
Елге келген соң Әзілхан ата рухани-адамгершілік бағытта жұмыс жүргізіп халыққа ислам дінін уағыздап, бала оқытып, ауру сырқауларды, жанына шипа таппаған жандарды, бір перзетке зар болған пенделерді емдеп жазып отырған. 1913 жылы Қазалы уезінде атақты бес мешіт болған, майдаларын қоспағанда олар Ноғай мешіті, Сарт мешіті, Әзілхан ишан мешіті, Сайғондыдағы Тілеулес ишан, Бөгендегі Тәжімбет, Дария бойындағы Қожаназар ишан мешіті, Қазалыдағы кеңес заманына дейінгі 57 мұсылман мектептің бірі-осы Әзілхан ишан мешітіне орналасқан. 1917 жылы Әзілхан ишан қайтыс болады Әулие атаға сиынған халық қорым басына түнеухана салады.
Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: