Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

 Мұстафа оқыған училище ғимараты

Бұл ғимаратта төрт класты қазақ жастарын аудармашылыққа дайындайтын түземдік мектеп болған. Қазан төңкерісінен кейін, 1925-29 жылдары республикадық баспахана (типография) қызметін атқарып, осы типографиядан республикалық «Еңбекші Қазақ» (кейіннен Егемен Қазақстан) және «Советская степь» (кейіннен Казахстанская правда) газеттері басып шығарылған. 1929-1973 жылдары облыстық кітапхана, кейінгі уақытта тігін-тоқыма фабрикасының үйі орналасты.
90 жылдары жекешелендіріліп, қазіргі уақытта сауда үйі орналасқан. Ғимарат қаламыздың құрылуындағы ең алғашқы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. 1878 жылы күйдірілген кірпіштен салынған. Іргетасы бетон. Төбесі шатырланған. Ғимарат қасбеті ою-өрнектеліп өрілген. Алдыңғы қасбетінің орталық бөлігінде «1878 г» деген жазу бар. Ғимарат қаламыздың құрылуындағы ең алғашқы сәулет өнерінің үлгісі болып табылады. Ғимарат бір қабатты күйдірілген кірпіштен салынған. Жоспары бойынша формасы «Г» түрдес. Едені бетоннан және плитадан. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
«Бұрынғы қыздар приход училищесі» ғимараты (қазіргі Аль-асад дүкені) ХІХ ғасырға тән сәулет үлгісінде салынған Қызылорда қаласындағы ең ескі құрылыстарының бірі болып табылады. Бұл ғимарат 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша негізі қаланып, қыздар приход училищесі болып ашылды. Кейіннен мұнда Перовск орыс-қазақ училищесі, 1925-1929 жылдары Қызылорда астана болған жылдары ең алғаш республикадағы баспахана осы ғимаратта орналасқан. Атап айтсақ, мұнда Еңбекші Қазақ (Егемен Қазақстан) және Советская степь (Казахстанская правда) газеттері орналасты. Кейінгі жылдары бұл ғимаратта аяқ киім фабрикасы орналасып, тоқсаныншы жылдары жекешелендіру уақытында жекеменшік қолға өтіп, Аль асад сауда дүкеніне айналды. Қазіргі уақытта ғимарат мемлекет қорғауына алынған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Сонымен қатар, ғимарат қабырғасына 2017 жылы «Мұстафа Шоқай 1899-1902 жылдары аралығында осы Перовск училищесі ғимаратында оқыды» делінген тақта орнатылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: