Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Күнтізбе: Бүгін – 25 қараша

Күнтізбе: Бүгін – 25 қарашаБүгін ел өмірідегі елеулі оқиғалар аз емес. Тарихта дәл осы күні бірқатар оқиғалар орын алып, есімі халыққа белгілі азаматтар дүниеге келіп, өмірден өткен. 
Мейрамдар
 БҰҰ, Бас Ассамблеясы Халықаралық "әйелдерге зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" күні
Оқиғалар
1867 – швед өнертапқышы Альфред Нобель динамитке патент алды.
1933 – Алғашқы кеңестік ракета шығарылды. Бұл жүйені 30 жыл бұрын, 1903 жылы Циолковский ойлап тапты. Ғалым оны планетааралық ұшуға пайдалануға болатынын дәлелдеді.
1952 – Лондонда Агата Кристидің «Тышқантұзақ» пьесасының премьерасы өтті. Пьесаны қандай жарқын болашақ күтіп тұрғанын ол кезде ешкім болжай да алмады.
2000 –  Қызылордада жазушы Мұхтар Әуезовке ескерткіш орнатылды.
2008 – Елбасы «Жоғары сот Кеңесін құру және оның құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды.
2013 – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Астанада ІІІ Халықаралық «Ортеке» қуыршақ театры фестивалін өткізді.  
Дүниеге келгендер
1738 – Томас Аббт, неміс философы, жазушы.
1810 – Пирогов Николай Иванович, әйгілі орыс хирургі, анатом және педагог.
1844 — Карл Бенц, неміс инженері, өнертапқыш.
1885 –  Міржақып Дулатұлы (1885-1935), ақын, жазушы, ағартушы-педагог 
 1908 – Әлихан Мусин (1908-1963),  техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген ғылым қайраткері
1915 – Аугусто Пиночет, Чили диктаторы (2006)
1924 – Такааки Ёсимото, жапон ақыны және философ.
1925 – Әбілахат Еспаев (1925-1976), композитор, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі 
Өмірден өткендер
1968 – Эптон Билл Синклер  (1878), американдық жазушы.
1970 – Юкио Мисима (1925), әйгілі жапон жазушысы және драматург
2005 – Джордж Бест, британдық футболист, Солтүстік Ирландия және «Манчестер Юнайтед» командасының ойыншысы (1946).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: