» » ШИЕЛІНІҢ ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНА ЕЛІМІЗДЕ СҰРАНЫС ЗОР

ШИЕЛІНІҢ ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНА ЕЛІМІЗДЕ СҰРАНЫС ЗОР

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар
ШИЕЛІНІҢ ПОЛИЭТИЛЕН ҚҰБЫРЛАРЫНА ЕЛІМІЗДЕ СҰРАНЫС ЗОРГерманияның «Краус Маффай» құрал-жабдығын пайдаланатын Шиелідегі полиэтиленнен құбыр шығаратын зауыттың түрлі маркадағы өнімдері елімізде зор сұранысқа ие болып отыр. 
Нарықтық қатынас талабына сай еңбек ұйымдастыра білген кәсіпорын жылдан жылға өндіріске қарқын қосып, жаңа технологияларды кірістіруде.
Аталған өндіріс орны 2011 жылдан бері «Қазақ  нефтехимиялық компаниясы» серіктестігінің Қызылорда филиалы ретінде қайта құрылып, түрлі көлемдегі полиэтилен құбырларын шығаруды жалғастыра бастады. Бұл жергілікті өнім өндіруші кәсіпорындармен қатар, жақын маңдағы мекемелерге де тиімді болып тұр.