Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАС МУФТИ СЫР ЕЛІНДЕ БОЛДЫ

БАС МУФТИ СЫР ЕЛІНДЕ БОЛДЫҚазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр елінде іс-сапармен болды.
Алаштың анасы атанған Сыр еліне қадам басқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы  бастаған топ қарсы алды.
Қызылорда өңіріндегі сапарында  Бас мүфти аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлымен кездесті.
Кездесуде аймағымыздағы діни ахуал, мешіт имамдарының келелі бастамалары мен атқарған қыруар шаралары, алдағы жоспарлар да сөз болды.
Аймақ басшысы сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына еліміздегі діни тұрақтылық, ұлтаралық татулықты сақтаудағы ерен еңбегіне алғыс білдіре отырып, Сыр аймағындағы ахуалдың тұрақтылығы жолындағы ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаровтың іскерлігіне де ризашылығын жеткізді.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр еліндегі іс-сапарында қалаға қарасты Нағи Ілиясов ауылында да болды. Ауылдағы жаңашылдық пен даму қарқынын көрген Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы  игілікті істердің көшбастаушысы болған ел азаматына ризашылығын білдірді. Ауылдағы жаңа мешіттің тынысымен танысып, намаз оқыды.
Өзінің Сыр еліне жасаған іс-сапарында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала және аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу орталық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өтті. Аталмыш кездесу облыс имамдарының қызметіне, олардың алға қойған мақсаттары мен болашақтағы жоспарларына ерекше серпін десек артық айтқандық емес.Әрине, бүгінгі таңда еліміздегі имамдардың, дін қызметкерлерінің Ислам дінінің өркен жаюына, елдегі тұрақтылықтың орнауына қосып отырған үлесі орасан зор. Осы бағытта атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттарды тағы бір атап өткен Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдарға артылар жүктің, жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіріп өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: