» » ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

ОТБАСЫЛЫҚ САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

«Сыр самалы» балабақшасында «Жүзден жүйрік» атты отбасылық сайыс өткізілді.
Ата–аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, өткізілген бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатын орындауға үйрету. Қимыл–қозғалыс қабілеттерін дамыту, балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу мақсатында қолға алынды.
Сайыс барысында «Құлатпай алып өт», «Мергендер», «Кім жүйрік», «Навигатор», «Кім епті?» және «Секірмек» кезеңдері бойынша бақ сынасқан Бегалы, Прмаханов және Махановтар отбасы арнайы «Дипломдармен» марапатталды.