» » ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар

29 тамыз күні «Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күніне «Тағзым алаңында» полигон әсерінен қаза тапқан жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды.
Аталмыш шараға қала әкімі орынбасары Шахмардан Байманов, қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов, облыстық, қалалық «Семей-Невада» қозғалысы төрағалары мен ардагерлері және қала тұрғындары қатысты.
«Тағзым алаңында» полигон әсерінен қаза тапқан жауынгерлерді бір сәт үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалды. Артынша полигонда зардап шеккен және аумағымыздағы қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласқан ардагерлерге Алғыс хаттар табысталды.
Сондай-ақ,"Шымбай" бастауыш партия ұйымына қарасты №8 П.Осипенко атындағы орта мектепте "Невада-Семей" қозғалысына арналған көрменің ашылуымен танысылып, полигон жайлы видеороликтер көрсетілді.