Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Астана» - суперкубок иегері


Бүгін Қостанай қаласында футболдан суперкубок ойынында елордалық «Астана» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары кездесті.
Алғашқы минуттан қос команда қарқынды ойын көрсетті. Негізінен «Астана» клубының белсенділігі байқалып тұрды. Олар шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Дегенмен ол мүмкіндіктерді тиімді пайдалана алған жоқ. Ойынның 40-минутында қызылордалық футболшы Бағдат Қайыров өз қақпасына гол соғып алды. Ол елордалық клуб шабуылшысы Пиерос Сотириудің баспен ұрған соққысын кейін қайтаруға тырысқан еді.
Екінші кезеңде «Қайсар» алғашқы минуттан таразы басын теңестіруге ұмтылды. Десе де ол мүмкіндіктерді голға айналдыра алған жоқ. Кездесуде «Астана» 1:0 есебімен басым түсті. Осылайша елордалық клуб өз тарихында бесінші мәрте суперкубок иегері атанды.



Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: