» » ШИЕЛІДЕ КҮРІШ ӨСІРУ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

ШИЕЛІДЕ КҮРІШ ӨСІРУ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

Айдар: Саясат / Сонғы жаңалықтар

ШИЕЛІДЕ КҮРІШ ӨСІРУ ТАРИХЫ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛДЫ

 

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың 125 жылдық мерейтойы Қызылорда облысының Шиелі ауданында жалғасын тапты. 
Шиелі кентіндегі Ыбырай Жақаев ескерткішіне облыс әкімдігі мен мәслихатының, облыстық ардагерлер кеңесінің және аймақ диқандарының атынан гүл шоқтары қойылды. Содан соң Ыбырай Жақаев атындағы ауылда күріш өсіру тарихы мұражайы ашылды. Облыс әкімі мұражайға күріш дәндерінен жасалған картина сыйға тартты. Мұражай қорында 10 мың экспонат сақтаулы, оның ішінде Жақаевтың өзі тұтынған заттары мен жұмыс құралдары бар. Сонымен қатар Шиелі кентінде құрметті азаматтар аллеясы ашылды.
«Алтын дән-2016» салтанатты жиынында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қызылордалық диқандарды табысты еңбек жылымен құттықтады. Сондай-ақ аймақ басшысы ҚР ҰҒА академигі, Шиелінің тумасы Досмұхаммед Кішібековты 90 жылдығымен құттықтап, оған жеңіл автокөліктің кілтін табыстады. 
Мұнымен қоса, Ыбырай Жақаевтың мерейтойының құрметіне республикалық ақындар айтысы, қазақ күресінен турнир және қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.