Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Британиялық отбасында 205 жылдан кейін қыз бала дүниеге келді

Британияның Кент графтығындағы Лори әулетінде алғаш рет 205 жылдан кейін қыз бала дүниеге келді. Бұл жайында The Daily Mail басылымы мәлім етті. 
Нәрестеге Майла деген есім берілді. Ол өткен жылдың қазан айында жарық дүниеге есігін ашқан. Дегенмен, бұл хабар жақында ғана хабарланды.
Нәрестенің ата-анасының айтуынша, олардың әулетінде екі ғасырдан астам уақыт бойы тек қана ұл бала дүниеге келген. Соңғы рет бұл әулетте 1809 жылы қыз бала жарық дүние сеігін ашқан. Жас ата-ана осы отбасылық "дәстүрді" бұзуға тырысқан. Дәрігерлермен ақылдасқан. 1960 жылы енгізілген американдық дәрігер Ландрум Шеттлстің тәжірибесі бойынша нәрестенің құрсақта пайда болу мерзімі анықталған. Соның нәтижесінде аталмыш әулет көптен бері күткен нәрестесін өмірге алып келген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: