80-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ НИЦЦАДАҒЫ ТЕРАКТІНІҢ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ (ФОТО, ВИДЕО)
Әр сағат сайын Францияның оңтүстік шығысында болған теракті жайлы жаңа деректер түсіп жатыр. Еске сала кетсек, 14 шілдеде Ницца қаласында теракт орын алды.
Жағалауда мереке құрметіне берілетін от шашуға жиналған халықты жүк көлігі басып-жаншып өткен.
«Қолда бар дерек бойынша, Ниццада 75 адам қаза тауып, 50 адам ауыр жарақат алды, оның 15-і ауыр халде жатыр», - деп мәлімдеді Теңіз жағалауы Альпісі департаментінің депутаты Эрик Сиотти. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлады.
Қазір жүк көлігінің рөлінде отырған адамның көзі жойылған. Қалада қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, арнайы операция жүргізілуде.
Әлеуметтік желі және видеохостингтерде Ниццадағы террористердің шабуылы көрсетілген видео жарияланды, деп хабарлайды ria.ru.