Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 104 адамға жетті

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 4 дерегі тіркелді. Бұл жөнінде Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.
Үш жағдай Шиелі ауданындағы Бала би, Қодаманов ауылдарынан, ал бір жағдай Жаңақорған ауданында анықталып отыр. Ауру жұқтырғандардың екеуі 1989, 2010 жылы туылған ер адамдар, қалған екеуі 1996, 1967 жылғы әйел адамдар. Барлығы осы инфекциямен ауырған адамдармен байланыста болып жұқтырған.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Олар дер кезінде медициналық бақылауға алынып, оқшауланып, тексерістен өтіп жатыр. Өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 104-ке жетті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: