Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада жас инспекторлар сайысы өтті

Қызылордада жас инспекторлар сайысы өттіЕлімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары және оның зардаптары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы тұста, жасөспірімдер арасында орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алуда әр мектептерде құрылған жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының рөлі зор. 
Ағымдағы жылдың маусым айында Жол қозғалысының жас инспекторлары байқауының 15 слеті өткізіліп, жас инспекторлары өзара сайысқа түсті. Аталған байқаудың басты мақсаты – жол қозғалысы ережелері бойынша балалардың сауатын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады. 8 кезеңнен тұратын бұл байқауда оқушылар өз деңгейлерінде білімдерін көрсетіп, бақ сынасты. «Үгіт бригадасы» сайысында жарысқа қатысушылар жол қозғалысы бағытында жастар арасындағы проблемалық мәселелерді кеңінен қозғап өтті. Осындай сындардан сүрінбей өткен сайыскерлер жарыс қорытындысы бойынша үздік деп танылып, түрлі номинациялар бойынша марапатталды. ІІІ орынды Жалағаш ауданының командасы қанжығасына байласа, ІІ және І орын Қармақшы мен Қазалы ауданынан келген жас инспекторларға бұйырды. Ал жарыстың жеңіспазы болып Сырдария ауданының командасы танылып, олар шілде айында Қостанай облысында болатын республикалық слетке  қатысуға жолдама иеленді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: