Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада химиялық реагенттер зауыты өндіріс көлемін ұлғайтты

 Қызылордада химиялық реагенттер зауыты өндіріс көлемін ұлғайттыҚызылордада химиялық реагенттер зауыты өндіріс көлемін ұлғайтты, деп хабарлайды kaztrk.kz.
Былтыр 2003 тонна өнім өндіріп, жоспарды артығымен орындаған кәсіпорынның алға қойған мақсаттары ауқымды. Себебі, өнімге сұраныс жоғары. Өзге өңірлерден де тапсырыстар түсуде. Мұнай саласындағы маңызды кәсіпорыннарыққа осыдан алты жыл бұрын келді. Алғашқыда жылына небары 5000 тонна ғана өндіретін кәсіпорын бүгінде өнімін төрт есеге арттырды. Жоғары сапалы реагенттер қара алтынды тазартуға, құбырларды шіруден, коррозияға ұшыраудан сақтап, пайдалану мерзімін ұзартады. 
- Бұрын облыстағы мұнай өндірушілер реагентті шетелдік компаниялардан қымбатына сатып алатын. Қазір біздің кәсіпорын барлығын химреагенттермен қамтамасыз етуге қауқарлы. Өнім сапасы жағынан да, бағасы жағынан да өте тиімді. Басқа да облыстармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, - дейді зауыт директорының орынбасары Ахан Байділдаев.
Компаниялардың тапсырысты сапалы әрі уақытылы орындауға мүмкіндігі зор. Өндірістің экологияға әсері де ескерусіз қалмаған. Бұл тұрғыда мамандар жүргізген зерттеулер нәтижесі оң бағаланып отыр. Ал алдағы уақытта заманауи үлгімен зауыт салу жоспарлануда.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: