Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАРМАҚШЫДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІҚармақшы аудандық мәдениет үйінде қой жылын қорытындылап, жаңа 2016 жылды қарсы алуға арналған «Жауһар жауған Жаңа жыл» атты мерекелік салтанатты шара ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Сұлтан Мақашев құттықтады. Аудан басшысы биылғы жыл ел үшін айтулы, келелі істер мен дүбірлі оқиғаларға толы жыл болғанын жеткізіп, ауданның жеткен жетістіктеріне тоқталды. 
Шара барысында аудан басшысы ауданымыздың экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға "Қармақшы ауданының құрметті азаматы” атағын тапсырды. 
Сонымен қатар ел мерейін әлемдік додада үстем етіп жүрген жасөспірімдер арасындағы самбо күресінен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Диана Тілемұратоваға 150 мың теңгенің сертификатын тапсырса,әр салада қызмет атқарып жүрген азаматтарға облыс, аудан әкімінің құрмет грамоталарымен алғыс хаттарын, және жыл бойына үздік деп танылғандарды арнайы номинациялармен марапаттады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: