Ауданда күзгі санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары басталып кетті. Бүгін әкімдік мәжілісінде жарияланған тазалықтың екі айлығына қатысты бірқатар іс-шаралар нақтыланды.
Алғашқы сенбілік жұмыстарына білім, денсаулық сақтау, теміржол саласы, басқа да мекеме-ұжымдардан 500-ге жуық адам қатысып, 10 текше метр қоқыс арнайы орынға шығарылды. Арнайы құрылған жұмысшы топтың қатысуымен орталық көшелерден бастап кенттің шет аймақтарында рейдтік жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері санитарлық тазалықты бұзған 151 адам жауапқа тартылып, әкімшілік шара көрілген.