Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Астанадағы этно-мемориалдық кешенде Қызылорда облысы картасының жаңартылды

Астанадағы этно-мемориалдық кешенде Қызылорда облысы картасының жаңартылдыБүгін Астана қаласы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Қызылорда облысы картасының жаңартылған нысандарын таныстыру салтанаты өтті. Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы мен Астана қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. 
Астана күніне орайластырған шараның алғашқы құттықтау сөзі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлына берілді.
- Еліміздің бүкіл табиғи аймақтарымен таныстыратын ашық аспан астындағы бұл мұражайда сырға тұнған Сыр бойының да ең көрікті, киелі, тарихи орындары, атап айтсақ орта ғасырлық Сығанақ қалашығындағы мешіт, Қалжан ахун, Ғанибай мешіттері, Қорқыт ата мемориалды кешені, Солтүстік Арал теңізіндегі «Көкарал» су көтеру бөгеті, тағы да басқа қайталанбайтын нысандары Астана жұртшылығын, Елордаға келетін шетелдік қонақтарды кең байтақ мемлекетіміздің тарихымен, мәдениетімен бірге таныстырады. Төрткүл дүниенің назарын өзіне қаратып, дәуірлеп тұрған бұл нысан бар қазақтың атамекені, түп қазығы, өткені мен бүгіні десек те болады, - деді облыс әкімінің орынбасары.
Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.Есілов «Атамекен» мемориалдық кешеніндегі Қызылорда облысы картасының ашылуымен құттықтап, кешен жұмысына сәттілік тіледі. 
Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қызылордалық жырау Алмас Алматов жиналған жұртқа жырдан шашу шашты.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: