Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылының құрылғанына 50 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді. Оған алыс-жақыннан ауыл түлектері жиналды.
Аудан басшысы Сұлтан Мақашов барша жерелестерді мерейтоймен құттықтады.
Елбасымыздың ауыл тұрмысын көтеру, ауыл адамдарының денсаулығын жақсарту, салауатты да саламатты өмір салтын орнықтыру, ауылда білімді, мәдениетті, өнерді дамыту жөніндегі бағдарламаларына сәйкес ауданда жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Ұзақ уақыт бойы жол азабын тартқан ауылдықтар соңғы жылдары асфальт төселген жолмен ауданға да, облыс орталығына да кедергісіз қатынайтын болды. Ауыл өміріне түрлі ақпараттық технологияның соңғы жетістіктері еніп, меңгеруде. Қуаңдария ауылының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында ауылды көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жастар» алаңын салуға және екі орталық көшені жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 60,0 мың теңге бөлініп, жұмысы толығымен, сапалы аяқталды.
Қармақшы ауданы Қуаңдария ауылында Шегебай Құндақбаевтың "Құтты мекен - Қуаңдария" атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.