Қармақшы ауданында облыстық «Жас ұлан» ұйымының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына және «Жас ұлан» ұйымының 5 жылдығына орай «Отаныма 25 игі іс» акциясы өтуде.
Мектептерде «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ата мұрам-асыл қазынам» атты тақырыпта ұлттық спорттық-зияткерлік ойындар, тренингтер, «Бес тармақты-татулық» тақырыбында ашық алаңдар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың мақсаты: атадан мұраға жалғасып келе жатқа салт – дәстүрді қадірлеу, оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу,оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту болып табылады. Аталған шараларға жасұландықтар жоғары белсенділікпен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.