Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАҢАҚОРҒАН ӘУЕНДЕРІ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

 

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының үшінші онкүндігінде Жаңақорған ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен және облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен «Жаңақорған әуендері» атты республикалық сазгерлер конкурсы өткізіледі.
Мақсаты – Қарт Қаратау мен сұлу Сыр бойындағы әсемдігімен, сазды ән-жырымен ерекшеленетін тарихи Жаңақорған жерін ән құдіреті арқылы ұлықтау, келер ұрпақтың жадына лайықты ән–мұра қалдыру болып табылады. Жаңақорған жерінде Құлан ақын, күйші Әлшекей, Қазақстанның халық ақыны Манап Көкенов, ән еркесі Бексұлтан Байкенжеев, ұлт өнерінің мақтанышы Төлепберген Әбдірашев дүниеге келген.
Конкурсқа қатысушы сазгерлердің жасына шек қойылмайды. Конкурс жабық түрде өтеді. Талапкерлер Жаңақорғанға арналған жаңа (бұрын-соңды орындалмаған) бір әнін мәтіні және нотасымен /3 дана етіп жинақтап/ ұйымдастыру алқасына бүркеме /псевдоним/ атымен ұсына алады. Ұйымдастырушылар жинақталған әндерді сарапшы-қазылар алқасына ұсынады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: