Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МӘДИНА ӨЗ КОНЦЕРТІНДЕ ҚҰРБЫСЫНЫҢ КҮЙЕУІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

 

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова өзінің 20 жылдық концерті кезінде Гүлнұр Оразымбетованың жолдасы Серікбай Нұрғисаевқа алғысын жаудырды деп хабарлайды NUR.KZ.
Кеше, 20 қазан күні, Мәдина Сәдуақасова өнерде жүргеніне 20 жыл толғанына орай өзінің 20 жылдық мерейтойлық концертін өткізді. Оған қазақ эстрадасының майталмандары тегіс қонақ болып, ел жадындағы сағындырған әндер мен Мәдинаның жаңа туындылары назарға ұсынылды.
Концерт барысында Мәдина Сәдуақасова Гүлнұр Оразымбетованың күйеуі Серікбай Нұрғисаевқа алғыс айтып, өнерде қолдап-демегендердің бірі ретінде ерекше атап өтті.
Мәдинаның айтуынша, Қызылорда облысының әкімі болып тұрған кезде Серікбай Нұрғисаев Мәдинаның "Қызылорда облысының жыл адамы" атағына ие болуына бірден-бір ұйытқы болған. Сондай-ақ, ол көптеген өнер адамдарына қолдау көрсеткені үшін рахмет айтты.
Сонымен бірге, Мәдина көпшілікке өзінің жүрекжарды тебіренісін де жеткізді.
"Мұндай концерттерімді 5 жылдық, 10 жылдық мерейтойларда да өткізуге болар еді. Бірақ мен жеке отбасылық өмірімді реттемей, өзімнің көңілім толатындай концерт өткізу ерте деп ойладым. Шүкір, бүгінде отбасым бар, кішкентайым бар. Сондықтан, бақыттымын", - деді ол.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: