Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«CӘЛЕМ» САУДА ДҮКЕНІ - 200 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ


Қала күнін мерекелеудегі айшықты сәттердің біріне кәсіпкерлер де қолдау білдіріп жатыр. Қызылордалықтар үшін мерейтой құрметіне жаңа сауда маркеті ашылды. «Salem Village» деп аталатын сауда орнының жалпы аумағы 350 шаршы метрді құрайды. Халық үшін айқара ашылған сауда маркетінде тұрмысқа қажетті күнделікті пайдаланатын азық-түлік пен басқа да тауарлардың 2000-нан аса түрлері бар. Демек, халық қажетті кез келген өнімді қолайлы бағада ала алады.
Қаладағы Бекшора мекен-жайында орналасқан маркет «Сәлем Трейдинг» ЖШС-ның жалғасы іспеттес. Мамандардың айтуынша, жобаның жалпы құны 65 млн. теңгені құрайды. Өз кезегінде жаңа нысанда 22 адам тұрақты еңбекпен қамтылған. Көтерме бағада өнімдерді саудалайтын маркет таңғы сағат 8:00-ден түнгі 03:00-ге дейін уақытта халыққа қызмет етеді.
Сауда орны басшысының сөзінше, «Salem Village» өнімдерінің сөресі жергілікті сүт өнімдерімен де толықтырылмақ. Мұнан өзге дәмі тіл үйретін отбасылық наубайханада әзірленген нан өнімдері мен тәтті тоқаштар, асханалық тағамның 25-тен аса түрлері сатып алушыларға күнделікті жеткізіліп отырмақ. Жергілікті тәттілер өзге дүкендерден қарағанда әлдеқайда арзан баға ұсынады.Жалпы дүкен көлік тізгіндеп келушілерге де ыңғайлы. Арнайы автотұрақтары бар маркет келген мейманның қауіпсіз әрі сенімді сауда жүргізуіне жол ашады.
Тұрғындарға тарту ретінде ашылған жаңа нысанның ашылу салтанатына бірқатар азаматтар қатысып, жеке кәсіпкердің бастамасына сәттілік тіледі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: