Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Мариям Баекееваның статистикалық есеп беруін тыңдады.
Кездесу барысында статистикалық қызмет жыл сайын бекітілетін статистикалық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылатыны сөз болды.
2020 жылы 165434 статистикалық есептілік қабылданды, оның 84% немесе 139344 онлайн режимде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы №76 бұйрығымен бекітілген 2021 жылдың Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес 130 статистикалық жұмыстың орындалуы жоспарланған: 29 – айлық, 27 – тоқсандық, 71 – жылдық, 2 – жартыжылдық кезеңділікпен, 1 –бір жолғы жұмыс.
Респонденттер алғашқы шынайы статистикалық деректерді,Ұлттық статистика бюросы басшысымен бекітілетін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес ұсынады.
Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректер Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен электрондық түрде, қағаз жеткізгіште, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі арқылы және интервьюермен жеке сауал салуды жүргізу кезінде ұсынылады.
Жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер ұсынуға қажетті статистикалық нысандар тізбесін респонденттің сұрауы бойынша немесе өз бетінше ҰСБ www.stat.gov.kz. ресми интернет-ресурсында орналасқан "Респондент кабинетінде" жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірін (БСН) енгізу арқылы алады.
Барлық пайдаланушыларға статистикалық үдерістерді автоматтандырумен статистикалық деректерге қолжетімділікті ыңғайлы қамтамасыз ету мақсатында «е-Статистика» Интеграцияланған ақпараттық жүйесі жобасы жүзеге асырылды. «е-Статистика» ИАЖ бұл – статистикалық нысандарды онлайн режимде қабылдауды,статистикалық деректерді сақтау мен өңдеуді, статистикалық ақпаратты қарау мен талдау жүргізуді өзіне қосатын статистиқалық қызметтің барлық үдерістерін автоматтандыру.
«Оn-line режимнің» көмегі арқылы респонденттерге статистикалық органға бармай-ақ сандық қолтаңба арқылы статистикалық есептілікті тапсыруға мүмкіндік ұсынылды.
Кездесу соңында облыс әкімі статистикалық қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыруды және статистикалық жұмыс жоспарының уақытылы орындалуын тапсырды.