Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ АКТИВІ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ АКТИВІ ӨТТІҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа жаһандық ортадағы Қазақстан: өсу, реформалар және даму» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қала активі ұйымдастырылды.
Актив отырысына қала әкімдігіне қарасты барлық дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйым өкілдері және кәсіпкерлер т.б. қала азаматтары қатысты. Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Н. Нәлібаев қала тұрғындарын алда келе жатқан мемлекетіміздің мәртебелі мерекесі 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе "Өздеріңізге мәлім 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа "ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ ОРТАДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ ДАМУ” атты дәстүрлі Жолдауын жариялады. Елбасының биылғы жолдауы әлемдік дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің іс-қимылына, еліміздің жаңа экономикалық ортаға бейімделу шараларына арналды. Бүгінгі жаһандық дағдарыс жан-жақты сипатқа ие. Барлық әлемдік нарықтар тұрақсыз жағдайда. Соның салдарынан біздің негізгі экспорттық өнімдерге деген сұраныс күрт төмендеді. Экономикалық өсімнің төмендеуі әлем елдерінің барлығына тән құбылысқа айналды. Сондықтан жаңа әлемдік жағдайға бейімделу үшін бізге шынайы мүмкіндіктерге негізделген біртұтас стратегиялық іс-әрекет жоспары қажет. Сонымен бірге, әлемдік дағдарыс қауіп пен қатер ғана емес, ол жаңа мүмкіндіктер де. Бұл ретте, ел Президенті Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуы түрлі дағдарыс кезеңдерінен өткендігін, сондықтан дағдарыстың жойқын күшін жасампаз қуатқа, жаңа мүмкіндікке айналдырудың сыры бізге мәлім екендігін айтты" - деп Жолдаудың аса маңыздылығын атап өтті. Мұнан бөлек, қала әкімі жыл бойына жүзеге асырылған ауқымды жобалар мен алдағы жоспарларға да қысқаша тоқталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: