Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Оңтүстік өңірдің каратэшілері Қызылордада бірлескен оқу-жаттығу жиынын бастап кетті

Жоғары спорт шеберлігі мектебі  мен "Ерсұлтан" спорт кешенінде төрт өңірдің каратэшілері бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде. 
Оған  Қызылорда, Түркістан облыстары,  Шымкент және Тараз қалаларының спортшылары  қатысуда.
Каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР аға жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шаттық Қажымұқан жас жеткіншектерге каратэнің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісуде.
Оқу-жаттығу жиынында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 18-20 жас аралығындағы жастар құрамасы шеберліктерін арттыруда. 
Қаңтар айының 9-на басталған жаттығу процестері 24-не дейін жалғасады. 
Спортшылар карантин талаптарын сақтай отырып, дүйсенбі-сенбі күндері  аптасына алты мәрте екі спорт кешенінде жаттығуда.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: