Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" Болгария командасынан ұтылды

Қызылорданың «Қайсары» үшінші оқу-жаттығу жиыны аясындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Бұл жолы жерлестерімізге Болгарияның «Хасково2009» командасы қарсылас атанды.

"Қайсар" Болгария командасынан ұтылды

 

Өте тартысты өткен ойында екі команда да гол соғатын көптеген шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен, «Қайсардың» алғы шепте тағы да жолы болмады. Өз кезегінде болгарлар мүмкіндіктерін мүлт жібермей, қақпамызға гол соғып кетті. Қорытынды есеп – 0:1, «Қайсардың» қарқыны қатты болғанымен гол соғуға шама жетпеді.
Осылайша қызылордалықтар осы жиындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді. Енді 10 ақпан күні елге оралып, бірнеше күндік демалыстан кейін қайта жаттығу жиынына жол тартады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: