Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Владимир Вайсс; "Қайраттың" шабуылында дәлдік жетіспей жатты

Владимир Вайсс; "Қайраттың" шабуылында дәлдік жетіспей жаттыФутболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 10-турындағы Қызылорданың "Қайсары" мен Алматының "Қайрат" командалары арасындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды. Ойыннан "Қайраттың" бас бапкері Владимир Вайсс кездесу жайында төмендегіше сұхбат берді. 
Владимир Вайсс, «Қайрат» ФК бас бапкері:
- Ойынның тең есеппен аяқталғаны әділетті болды. Өйткені, алаң иелері де бізге барынша қарсылық көрсетіп, қарымдылығын танытты. Бізде гол соғатын көптеген мүмкіндік болған. Алайда, шабуылда дәлдік жетіспей жатты. Сондай-ақ, Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионның алаңы да өте нашар болды. Шөбі өсіп кеткендіктен жылдам футбол ойнауға мүмкіндік болмады.
- «Қайсар» сапында қай ойыншыларды ерекше атап өтер едіңіз?
- Қақпашы Кирилл Прядкин талай қауіптен аман сақтап қалды. Сондай-ақ, бүгін бір рет өте өрескел қателік жіберіп алғанына қарамастан өткен жылдан бері Мартин Кляйн да команданы сүйреп жүр. Нағыз капитан, нағыз лидер екені көрініп тұр. Айта берсең Серікжан Мужиков пен Сергей Струков та жақсы ойнады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: