Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық дзюдошылар 4 жүлде алды

Қызылордалық дзюдошылар 4 жүлде алдыАқмола облысының Степногорск қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында жерлестеріміз жүлделі оралды. Республикамыздың барлық өңірінен 450 –дей спортшы қатысқан тартысты жарыс күндерінің нәтижесінде жерлестеріміз 4 жүлдені еншіледі.
Атап айтсақ, Сырдария ауданының тумасы, 66 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дәулет Хабибуллаев пен жалағаштық Арайлым Оразбай 63 келіде ел чемпионы атанды. Жалағаштық Жанболат Саматұлы 50 келіде Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін иеленді. Айта кетейік, үш спортшы да қазіргі таңда Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта жаттығады. 
Ал №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен сынға түскен Бибіхан Нәбиева 40 келіде үшінші орынды иеленді. 
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионы атанған Дәулет пен Арайлым үстіміздегі жылы болатын Еуропа кубогына, Азия балалары және Евразия ойындарына жолдама алды. Спортшыларды жарысқа Арман Молдаханов, Ришат Бурлов, Гаухар Бекетаева және Жасұлан Қауысов дайындады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: