Жақында Солтүстік Қазақстан облысының орталығы – Петропавл қаласында жастар арасында грек-рим күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатынан қызылордалық спортшылар жүлделі оралды. Қазақстанның барлық аймағынан 180 спортшы қатысқан ел чемпионаты 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Аталмыш сында грек-рим күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Виктор Юн, бапкерлер Қанат Көбегенов және Райымбек Ғабиденнің шәкірттері 4 жүлдені олжалады. Атап айтсақ, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанса, 66 келіде Айдос Мұхан мен 84 келіде Руслан Тұрсынбек қола жүлдені иеленді. Облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығынан 96 келіде сынға түскен Олжас Сырлыбай күміс жүлдеге қол жеткізді.