Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Юрий Красножан: «Біз өте мықты топқа түстік»

Юрий Красножан: «Біз өте мықты топқа түстік»Санкт-Петербургте 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Румыния, Польша, Дания, Черногория және Армения құрамаларымен бір топқа түсті. Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан жеребенің қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне пікір қалдырды.
 - Команда жетістікке жетуі үшін негізгі рөлді жеребе анықтамайды. Жеребе қорытындысы ерте анықталатыны жақсы. Іріктеу турнирінің басталуына дейін қарсыластар белгілі болады. Уақыт жоғалтпай, дайындықты жақсы жүргізу маңызды. Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі бірдей. Атақты команда жоқ, алайда топқа кіл мықты құрамалар түсті. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қарасақ, Польша мен Румыния өз топтарында бірінші орында тұр. Дания тобында екінші сатыда келеді. Сол себепті ойындар оңай болмайды. Ең бастысы жеребе тасталды, әрі қарай жұмыс істеу керек, - дейді Юрий Красножан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: