Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Канадада өткен Гран-при кезеңінде жетінші орын алды.
Қысқа бағдарлама бойынша 15-жасар қазақстандық ең соңғы 12 орында болды. Ал еркін бағдарламада тәуір нәтижеге қол жеткізді. Элизабет бұл бағдарлама бойынша 115,32 балл алып, нәтижесінде төртінші орынға жайғасты. Екі бағдарлама қорнытындысы бойынша 165,16 балл жинап, жетінші орынға табан тіреді.
Бұл жарыста американдық Эшли Вагнер 202,52 балл жинап, жеңімпаз атанды. Екінші орын ресейлік Елизавета Туктамышеваға бұйырды, жинаған баллы – 188,99. Үшінші орын жапон қызы Юка Нагаи (172,92) еншісіне жазылды.