Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІҮстіміздегі жылғы 16-21 қараша аралығында Қызылорда қаласында «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында ашық республикалық турнир өтті. Аталмыш жарысқа Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылордадан 10 жасқа дейін жасөспірім ұлдар мен қыздар қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша қызылордалық спортшылар белсенділік танытып, жүлделі орындарды иеленді. Нәтижесінде ұлдар арасында Жақас Қозбақ алтыннан алқа тағынса, Бекжігіт Минаж күміс жүлдені, Ерасыл Ерділда қола жүлдені еншіледі. Ал қыздар арасында Жібек Әмірәлиева жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды Мадина Манбаева, үшінші орынды Урсула Рахмет иеленді. Микст ерекшелігі бойынша 1 –орын Жақас Қозбақ, Диана Төлешова, 2-орын Ерасыл Ерділда, Мадина Манбаева, 3-орын Айсұлтан Жәдігер, Урсула Рахмет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: