Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

РОНАЛДУ ҮШІНШІ РЕТ ЖАЛАҚЫСЫ ЕҢ КӨП ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ

РОНАЛДУ ҮШІНШІ РЕТ ЖАЛАҚЫСЫ ЕҢ КӨП ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ

 

Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду, Forbes нұсқасы бойынша, үшінші рет қатарынан жалақысы ең жоғары футболшы атанды.
Роналдудың 2015 жылғы табысы 82 миллион долларды құрады, оның 53 млн-ы «Реалдың» жалақысы мен түрлі сыйақылары, ал 29 млн-ы - демеушілермен жасасқан келісім шарттар негізінде  төленген. 2014 жылы португалиялықтың табысы 79 миллион долларды құрады, деп хабарлады Лента.ру.
Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында «Барселонаның» аргентиналық форварды Лионель Месси тұр - 77 миллион (51 - жалақы және бонустар, 26 - демеушілер), үшінші орында «Пари Сен-Жермен» швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович - 37 миллион (30 - жалақысы және бонустары, 7 - демеушілер).
Алғашқы ондыққа іліккендер:
4. Неймар (Бразилия, «Барселона») - 36 миллион (14 - жалақы мен бонустары + 22 - демеушілері),
5. Гарет Бейл (Уэльс, «Реал») - 34 (24+10),
6. Уэйн Руни (Англия, «Манчестер Юнайтед») - 26 (20+6),
7. Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити») - 24 (17+7),
8. Луис Суарес (Уругвай, «Барселона») - 23 (18+5),
9. Эден Азар (Бельгия, «Челси») - 22 (18+4),
10. Сеск Фабрегас (Испания, «Челси») - 21 (16+5).
Әлемдегі ең бай футболшы осыған дейін ағылшындық Дэвид Бекхэм болған. 

Дерек көзі: ҚазАқпарат.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: