Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚОЖАҒАПАНОВ ФЕДЕРАЦИЯ ТІЗГІНІН БАЙШАҚОВҚА ТАПСЫРДЫ

 

Бүгін, 2016 жылдың 19 қазан күні Астана қаласында Қазақстан футбол федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті.
Онда ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың білім алу үшін ұзақ уақыт кететіні айтылды. Осыған байланысты  Федерация президентінің міндетін атқару Сейілда Икрамұлы Байшақовқа жүктелді. 
Ерлан Тоқтарханұлы Қожағапанов 1968 жылы 13 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. Түрлі лауазымдық қызметтер атқарды. 2013 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2014 жылдың 24 желтоқсанынан бастап Қазақстан Футбол федерациясының президенті қызметінде болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: