Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Күнтізбе: Бүгін –1 желтоқсан

Күнтізбе: Бүгін –1 желтоқсанБүгін – 1 желтоқсанда болған елеулі оқиғалар аз емес. Тарихта дәл осы күні бірқатар оқиғалар орын алып, есімі халыққа белгілі азаматтар дүниеге келіп, өмірден өткен.
Қыс – жыл мезгілі, әр аумақтағы ауа температурасы ең төмен болатын климаттық маусым. Астрономиялық ұғым бойынша, қыс — қысқы күн тоқырауы сәтінен көктемгі күн мен түннің теңесуіне дейінгі (Солтүстік жарты шарда 21-22 желтоқсаннан 20-21 наурызға дейін, Оңтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке дейін) уақыт аралығы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде қыс айлары деп шартты түрде желтоқсан, қаңтар, ақпан, ал Оңтүстік жарты шарда — маусым, шілде, тамыз айлары есептеледі. Қоңыржай ендіктерде (оның ішінде, Қазақстан жерінің басым көпшілігінде) қыс тұрақты қар жамылғысымен, өзендер мен көлдерде мұз қатуымен, өсімдіктің өсіп-өнуінің тоқтауымен, жануарлардың көптеген түрлерінің ұйқыға кетуімен немесе анабиозымен сипатталады. Қыстың ұзақтығы климаттық және фенологиялық маусым ретінде төменгі географиялық ендіктерден жоғары ендіктерге қарай өсіп отырады. Тропиктік ендіктерде қыс мүлдем болмайды, субтропиктерде оның ұзақтығы 1-2 айдан аспайды, қоңыржай ендіктерде – 3-4 ай, полюстік ендіктерде 6-7 айға және одан да көбірек уақытқа созылады. Қазақстанның солтүстігінде оның оңтүстігімен салыстырғанда, қыс 1-1,5 айдай ұзағырақ болады.
Желтоқсан (декабрь- латынша desember, desem-он) күнтізбелік жылдың 12 айы. Қыстың алғашқы айы. Бұл атау қазақтың жел және тоқсан сөздерінен құралған. Желтоқсан кейде тоқсан деп те аталады. 
Мейрамдар:
1813 – Нидерландының тәуелсіздігі күні;
1918 – Румынияның құрылған күні;
1988 – Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні
2011 – Қазақстанда Тұңғыш Президент күні
Оқиғалар:
1933 – Мәскеуде А.М.Горький атындағы Әдебиет институты ашылды.
1959 – Республикалық «Спорт» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
1960 – Қарағанды металлургия зауытында кокс батареясы іске қосылып, Қазақстанның тұңғыш коксі алынды.
2005 – Қызылордада газ-турбиналық электр стансасы іске қосылды.
Дүниеге келгендер:
1716 – Морис Фальконе, француздың ғажайып мүсіншісі;
1792 – Николай Лобачевский, орыстың ұлы математигі;
1867 – Игнаций Мосцицкий, поляк мемлекеттік қайраткері, 1926-1939 жылдардағы Польша президенті, ғалым-химик, өнертапқыш, польша химия өнеркәсібін құрушылардың бірі;
1938 – Мәди Хасенов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері;
Өмірден өткендер:
1521 – Лев Х, Рим папасы (1475-1521);
2001 – Павел Садырин, кеңес футболшысы және ресейлік футбол бапкері;
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: