Facebook WhatsApp Instagram

Тарих

0

Бәкі кесенесі 

Бәкі кесенесі Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа 100 шақырымда орналасқан. 
Шамамен ХІХ ғасырдың аяғында тұрғызылған сәулет ескерткіші. Телікөл көлінен солтүстік-батысқа қарай 15км. жердегі Құланбай (Қарамолда) қорымының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Кесене үлкен төбенің басында, қорым ортасында орналасқан, қасында Тәжібай кесенесі бар. Бәкінің руы-балықшы найман. Бір бөлмелі кесененің көлемі 7,50х8,20м, биіктігі шамамен 6м, қабырғасының қалыңдығы 1м шамасында. Күмбездің жоғарғы бөлігі ішіне құлап түскен. Бұрынырақта жеңіл жөндеуден өткенге ұқсайды. Ішкі – сыртқы сылақтары, есік маңдайы, төрт құлақтың айналасы, төрт қабырғасының астыңғы бөлігі жерге дейін жауын шайып, мүжіліп, іші – сыртына құлаған. Бар болса да ішіндегі мүрденің қай жерде екені белгісіз, топырақ үйінділері көп. Кесене майда тас араласқан жергілікті топырақтан құйылған кесектен өрілген, көлемі 34х17х7 см.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: