» » Аралда инвестиция көлемі артты

Аралда инвестиция көлемі артты

Айдар: Қоғам / Сонғы жаңалықтар
Аралда инвестиция көлемі арттыБиылғы жылы Арал ауданына салынған инвестиция көлемі 7 601,9 млн. теңгені құрады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 34,9 пайызға артық.
Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында аудан әкімі Абзал Мұхимов мәлім етті.
Ауданда атқарылған шаруаның ауқымы кең. Өнеркәсіп пен шағын кәсіпкерлік саласы және ауылшаруашылық бағытында аудан көлемінде атқарылған жұмыстарда біршама ілгерілеушілік бар. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруден аудан облыста көш бастап тұр. Мемлекеттік бағдарламалар аясында да ауыз толтырып айтарлық жұмыстар жасалуда. Жалпы ауданда атқарылған жұмыстарға шолу жасаған Абзал Мұхимовқа аймақтағы БАҚ өкілдері тарапынан сауалдар жолданып, тұщымды жауаптар алынды.