Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА КҮРІШІ ИРАНҒА ЭКСПОРТҚА ШЫҒАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА КҮРІШІ ИРАНҒА ЭКСПОРТҚА ШЫҒАДЫ

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Б.Жахановтың баспасөз-конференциясы өтті.

Сала жетекшісі журналистерге Елбасы Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттердің орындалуы мен алдағы жоспарлар жайлы баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде облыс бойынша 214 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Жеке және қосалқы шаруашылықтардың бірігуімен барлығы 19 ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Құрылған кооперативтерді қаржыландыру «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында биылғы жылы бөлінген 1765 млн. теңге қаржы есебінен жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы арқылы 15 кооператив 933,5 млн. теңге қаржыға 5649 бас мүйізді ірі қара алуға қол жеткізді.
Сондай-ақ, сыр салысын сұранысы жоғары әрі қымбат нарықтарға шығару мақсатында биыл 100 гектар аумаққа «Ақтөбе и К» ЖШС арқылы күріштің ирандық "Торем Хошеми" сортын егу жоспарлануда. Жалпы, осы жылы 60 тонна күрішті шетелге шығару көзделіп отыр. Оның ішінде 8 мың тонна ақ алтын Иран Ислам Республикасына өткізілмек. Иран қызылордалық күріштің «Новатор» сортына қызығушылық танытуына байланысты «Сыр Маржаны» ЖШС арқылы осы өнімді экспорттау мәселесі қаралуда.
Сонымен қатар, облыста бақша дақылдарын өндірістік негізде егу жұмысы жүзеге асуда. Биыл да Ресей нарығында жоғары сұранысқа ие қауын түрлері көршілес елге экспортталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: