» » ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАЛАРҒА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

 

Үстіміздегі жылғы 10 тамызда Қызылорда қаласында орналасқан "Достық үйінде" облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен бірқатар қолданыстағы заңнамаларға яғни, Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 174-бабына (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабына (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған шарада облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев, облыстық прокуратураның бөлім аға прокуроры М.Маханбетжанов, ОІІД Терроризмге қарсы күрес басқармасының бастығы Қ.Оразов және дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов дін ұстанушы азаматтардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптар беріп, жоғарыда аталған заңдарға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.