» » ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Айдар: Қоғам, Сонғы жаңалықтар
ҚЫЗЫЛОРДАДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІБүгін Қызылордада білім саласы қызметкерлерінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы – білімнің үлесі» тақырыбындағы дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
Конференция қорытындысында аймақ ұстаздары облыс әкімінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің наградаларымен марапатталды. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицей ұжымына 17 млн. теңгенің сертификаты табысталды.
Жиын барысында өткен оқу жылы қорытындыланып, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер мен аймақтағы білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалып, жалпы республикада білім саласына енгізіліп жатқан жаңалықтар таныстырылды.