Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Ғалымдар тұмаудың кенеттен жоғалып кету себебін түсіндірді

2020 жылы COVID-19-бен жаһандық күрестің арқасында тұмау мүлдем жоғалып кетті. Оның себептерін "Известия" басылымының сауалнамасына қатысқан орыс ғалымдары айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

МФТИ биофизика және тірі жүйелер физикасы кафедрасының доценті Олег Батищев маска режимі, әлеуметтік арақашықтық және басқа эпидемияға қарсы шаралар коронавирусқа ғана емес, басқа да респираторлық вирустарға әсер еткенін түсіндірді. Сонымен қатар, көп адам коронавирус инфекциясының ауыр ағымынан қорқып, тұмауға қарсы екпе салдырған.
Өзін-өзі оқшаулау режимі маусымдық тұмауға COVID-19-ға қарағанда көбірек әсер етті, дейді иммунолог-аллерголог, медицина ғылымдарының докторы Андрей Продеус.
Оның айтуынша, жазғы ішек инфекциясы да азайған.
 "Бұл адамдардың жеке гигиена ережелеріне жауапкершілікпен қарай бастағанына байланысты", - деді Андрей Продеус.
Қытаймен көлік қатынасын уақытша тоқтата тұру да нәтиже берді, өйткені бұл Азия елінде дәстүрлі түрде тұмаудың жаңа штамдары пайда болды, деп толықтырды МФТИ геномдық инженерия зертханасының жетекшісі Павел Волчков. Ол Қытайдың оңтүстік-шығыс провинциялары арқылы құстардың көші-қон жолдары өтетінін, ылғалдылық жоғары, қыста орташа жылу, халықтың көп шоғырланатынын және көптеген құс фабрикалары бар екенін атап өтті. Бұл вирустардың дамуы мен мутациясына қолайлы жағдай жасайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: