Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордадағы көп қабатты үйлер толық жөнделеді

Қызылордадағы көп қабатты үйлер толық жөнделедіҚызылордадағы  барлық көп қабатты тұрғын үйлердің ғимараттары алдағы 5 жылда толық күрделі жөндеуден өтеді. 
«Қалада барлығы 600-ден астам көпқабатты тұрғын үйлер бар, тұрғын үй-коммуналдық жаңғырту бағдарламасы арқылы жаңартылатын болады. Жөндеу жұмыстары 2014 жылдан басталып, көп бөлігі шамамен 70-тей тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары аяқталды, ағымдағы жылға 50 үйді жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін жалғасып, барлық жұмыстар аталған жылдың аяғына дейін бітеді деп жоспарлануда», - дейді облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Сейілхан Тойбазаров.
Сонымен қатар, Сырдарияның сол жағалауынан орын тепкен мөлтек ауданда жаңа  тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. 
Сырдарияның сол жағалауындағы бас жоспарына сәйкес жағалауында 1532 гектар жерге орналасқан биік ғимараттар, сәнді екі қабатты коттедждер, әлеуметтік нысандар, саябақтар болады. Ал жағалауда жеке сектордағы үйлер мүлдем болмайды, - дейді басқарма басшысы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: