Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада 176 шетелдік заңнама бұзған

Қызылордада 176 шетелдік заңнама бұзған Қызылорда облысының ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлерімен арнайы шолу жұмыстарын жүргізу барысында Қызылорда қаласында Өзбекстан Республикасының 31 азаматы Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзғандықтары үшін анықталған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі мәлім етті. 
Яғни, Қызылорда қаласында бір мекенжай бойынша уақытша тіркеуге тұрып, алайда ішкі істер органдарын хабардар етпей, облыстағы басқа мекенжай бойынша қоныс аударған 27 шетелдік азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы, 2-бөлігімен және уақытша тіркеу мерзімі өткеннен кейін  еліміздің аумағынан кетуден жалтарған 4 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы, 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
Әкімшілік сот қаулысымен шетелдік азаматтар әртүрлі мерзімдерге, яғни 1 тәулік және одан жоғары мерзімдерге әкімшілік қамауға алынып, біреуі Республика аумағынан шығарылды. Айта кетерлік жайт, үстіміздегі жыл басынан бастап көші-қон полициясы құрылымдарымен Көші-қон заңнамасын бұзғандықтары  үшін 176 алыс және жақын шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: