Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жалған шот-фактуралар жасаған серіктестік басшысы жазаға тартылды

Қызылорда облысында жалған шот-фактуралар мен оған тиісті құжаттарды жасап берген серіктестік басшысы жазаға тартылды.


Аталған азамат жергілікті серіктестіктің біріне басшылық еткен. Ол 2019-2020 жылдарда бірнеше серіктестік басшысымен келісімге келіп, жалған шот-фактуралар мен оған тиісті құжаттар жасап берген. Құжаттарда талап еткен сомаға байланысты әртүрлі тауарды сатып, қызмет көрсетіп, есеп айырысқаны жөнінде мәліметтер көрсетілген.
«Шот-фактураларда көрсетілген сомалардан түрлі мөлшерде сыйақы алып отырған. Алайда, серіктестіктің аталған қызметті көрсету үшін жұмыскерлер штаты, мүлкі, қойма орындары мен өндірістік-техникалық базасы болмаған. Алты серіктестік одан жалпы сомасы 233 млн 809 мың теңгенің жалған шот-фактурасын сатып алған. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының есебіне және сот-сараптама қорытындысына сәйкес бюджетке барлығы 73 млн 367 мың теңге салық төленбегені анықталды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен.
Ведомство мәліметінше, сот шешімімен ған ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы 1-бөлігімен бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Барлық мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Сурет: chazpomosh.ru
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: